Денсаулық институтының тарихы

Денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу институты 2019 жылдың шілде айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды.

 

Денсаулық ғылыми-зерттеу институтының мақсаты мен негізгі міндеттері

1.  Денсаулық институты қызметінің мазмұны фундаменталды және қолданбалы сипаттағы ғылыми зерттеулер болып табылады.

2.  Денсаулық институтының мақсаты медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, демография, денсаулық сақтау экономикасы, қоғамдағы денсаулықтың детерминантын түсінуге арналған басқа ғылымдар саласындағы әлемдік деңгейді зерттеу болып табылады.

3.  Денсаулық институты қызметінің міндеті:

- ғылыми жобаларды алу және орындау, халықаралық коллаборациялармен және әлемдік ғылыми орталықтар мен институттармен жоғары сапалы, популяциялық, эпидемиологиялық мультиорталықты зерттеулер жүргізу болып табылады;

- Халықаралық маңызы бар зияткерлік ғылыми институтты қалыптастыру және Қазақстанның жас ғалымдары ішінен адами ғылыми әлеуетін дайындау;

- ғылыми зерттеулердің заманауи қағидалары мен әдістерін жаңа заманның талабына сай келетін оқу және ғылыми процеске белсенді енгізу.

 

Дәулетов Қайрат Қыргызбайулы - Денсаулық сақтау институтының директоры

E-mail: davletovkairat@gmail.com 

WoS Researcher ID – S-1792-2016, H-index 23, citations -6,000+

Scopus Author ID: 6602803024, H-index 24, citations – 9,200+

Білім:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дипломы, Эмори университеті, Атланта, АҚШ •   2002-2004 (АҚШ Мемлекеттік департаментінің Muskie бағдарламасының стипендиаты).
  • Медицина ғылымдарының кандидаты, мамандығы-кардиология. Ресей (бүкілодақтық) кардиологиялық ғылыми орталықта Аспирантура, Мәскеу, Ресей, 1990-1994
  • Дәрігер дипломы, мамандығы-емдеу ісі, Алматы Мемлекеттік Медициналық Институты, 1980-1986. Үздік Диплом.

Жұмыс тәжірибесі:

Қазақ Ұлттық Университеті Денсаулык зертеу институт, Директор, Шілде 2019 - қазіргі уақытта

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, Мейірбике ісі және менеджмент мектебі. Факультет деканы. Қыркүйек 2016-2019. Эпидемиология кафедрасының меңгерушісі. 

ҚР ДСӘДМ Кардиология және ішкі аурулар республикалық ҒЗИ, Алматы. Стратегиялық даму, халықаралық қатынастар және алдын алу жөніндегі директордың орынбасары. Ақпан 2013-Наурыз 2016. Профилактикалық медицина және популяциялық зерттеулер институтының басшысы. Наурыз 2016-Қыркүйек 2016.

Аймақтық Орталық Азия Денсаулық сақтау және білім Департаменті, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID), Алматы, Қазақстан. Жобаларды басқару менеджері. Қаңтар 2008-Қаңтар 2013.

"Қоғамдық денсаулық сақтау институты"ҮЕҰ. Кеңесші. 2007.

Американдық Халықаралық денсаулық сақтау Одағының (АХДСО) аймақтық Орталық Азия кеңсесі, бағдарламалар үйлестірушісі. 2004-2006.

Джорджия мемлекеттік университеті, Экономика департаменті. Интернатура. Мамыр-тамыз 2003.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының ұлттық орталығы, Алматы, Қазақстан. Бас ғылыми қызметкер, медициналық-әлеуметтік және профилактикалық бағдарламалар бөлімінің бастығы. 2000-2002.

Шеринг фармацевтикалық компаниясы (Германия). Қазақстандағы медициналық өкіл. 1999.

Қазақстан Республикасының білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігі. Азия Даму Банкінің жобаларды іске асыру бөлімінің бастығы. 1997-1998.

Фармацевтическая компания Биохеми (Австрия). Медицинский представитель в Казахстане. 1995-1997.

Ресей Кардиологиялық Ғылыми Орталығы. Ангиология департаментінің аспиранты. Мәскеу, Ресей. 1990-1994.

Қазақ кардиология ҒЗИ, Алматы, Қазақстан. Қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігері. 1988-1990.

Қазақ кардиология ҒЗИ, Алматы, Қазақстан. Клиникалық Ординатор. 1986-1988.