Визитинг-профессор Н.Н.Бримқуловтың бірлескен бір айлық жұмысы өтті

01.12.2021

Көрулер: 1876

2021 жылдың 1-30 қарашасы аралығындағы бір ай көлемінде визит-профессор, м.ғ.д., И.К.Ахунбаев атындағы Қыпғыз мемлекеттік медицина академиясының (Бішкек, Қырғызстан), жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығының отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі Бримкулов Нурлан медицина мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті тықырыптар бойынша дәрістер мен сабақтар өткізді.

 

Жұмыс бағдарламасы аясында мастер-класстар, панельдік сессиялар және бірлескен конференциялар жүзеге асырылды, қызықты тақырыптар ретінде иына тақырыптарды айта кету керек: «ДЖБҚ (Денсаулықты жалпыға бірдей қамту) бойынша БҰҰ Декларациясы: денсаулыққа деген құқық әркім үшін қолжетімді ме?», « Денсаулық сақтау экологиясы», «Отбасылық медицина философиясы: отбасылық дәрігердің портреті», «Постковидты синдром», «Клиникалық дағдыларды бақылаудың кейбір тәсілдері: Mini-CEX және DOPS бағалау формалары», «Ішкі аурулардың альпілік климатотерапиясы» , «Темекіге тәуелділік» т.б.

Нәтижелі жұмыс барысында COVID-19 коронавирустық инфекциясының салдары болып табылатын пост-COVID синдромын зерттеу бойынша бірлескен жоба жоспарланған болатын, бұл жобаға денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасының профессорлық-оқытушылық, сонымен қатар кафедраның докторанттары мен магистранттары қатысады деп күтілуде. Визитинг-профессордың докторанттармен олардың докторлық диссертация тақырыптарының призмасы арқылы ДЖБҚ (Денсаулықты жалпыға бірдей қамту) бағдарламасын іске асыру бойынша панельдік сессиясы өтті.

 Сондай-ақ жұмыс бағдарламасын жүзеге асыруда визитинг-профессор Н.Н.Бримқұлов. Алматы қаласындағы бірнеше клиникалық базаларды аралады, олардың бірі қазіргі уақытта пост-ковидты науқастарға оңалту жүргізіліп жатқан «Каменское платосы» фтизиопульмонологиялық оңалту орталығы, Кардиология және әшкі ауралар ҒЗИ базасындағы Республикалық аллергиялық орталық және т.б.

Болашақта екі тараптың келешектегі ынтымақтастық перспективалары талқыланады.