"Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" атты республикалық эссе байқауының қорытындысы жарияланды

22.12.2021

Көрулер: 1451

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым"атты республикалық эссе байқауы

    Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай,  Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Денсаулық сақтау саясатыжәне  ұйымдастыру кафедрасы 5-13 желтоқсан аралығында медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" атты республикалық эссе байқауын жариялады. Байқаудың арнайы шарттары мен талаптары еліміздегі барлық медициналық ЖОО-на жіберілді. Байқаудың ресми уақыты жарияланған күннен бастап, Қазақстанның түпкір-түкпірінен медициналық оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар өз бақтарын сынады. Байқауға “Семей медицина университеті” КеАҚ, С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" университеттерінен  18  магистрант қатысты.

2021ж. 22 желтоқсан күні республикалық эссе байқауымыздың жеңімпаздарын жариялайтын салтанатты онлайн жиналыс өткізілді. Жиналысымызға арнайы шақыртулар университтер сайттарына және байқауға қатысқан студенттерге алдын-ала жіберілді. Сағат11:00 де салтанатты жиналысымыз басталды. Жиналысымыз Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының 30 жылда жеткен жетістіктеріне арналған арнайы  бейнероликтен ашылды. Жиналысымыздың  құрметті қонағы медицина және денсаулық сақтау факультеті, қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің директоры, медицина ғылымдарының кандидаты Даниярова Анар Бахыткереевна салтанатты түрде студенттерге деген құттықтау сөздерімен бастады. Кафедрамыздың меңгерушісі профессор Капанова Гульнара  Жамбаевна барлық қатысқан  студенттерге жылы лебізін білдіріп,сәттілік тіледі.

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым"атты республикалық эссе байқауымызда 1 орынды "Қоғамдық денсаулық сақтау"мамандығы бойынша “Семей медицина университеті” КеАҚ магистранты – Брик Лаула Маратовна алды. 2 орынға "Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің 2 курс студенті Ережепов Бекет ие болды. 3 орынды университетіміздің "Дәрігер-зерттеуші" мамандығы бойынша 1 курс магистранты – Омарова Индира еншіледі. Магистранттарымызға дипломдары және естелік сыйлыққатры салтанатты түрде табысталды. 1 орынға Ремарк Э. М екі кітабы, 2 орынға – Донна Тартт “Щегол” романы, 3 орынға И.Есенберлиннің “Көшпенділер” кітапбы  сыйға берілді. Жүлделі орынға ие болған магистранттар ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға рақметін айтты! 

                                                                  

БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАР