ҚазҰУ-де Хатлон мемлекеттік медицина университетітен делегация

07.11.2021

Көрулер: 1601

Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы қабылдаушы тарап ретінде бірқатар семинар-тренингтер мен бірге ҚазҰУ кампусына саяхат жүргізді. Сондай ақ, тәжікістандық әріптестеріміз симуляциялық орталықта болып, ондағы студенттер арасында тәжірибелік дағдылар қалай қалыптасатынын және жалпы ОҚКЕ (объективті құрылымдық клиникалық емтихан) процедураларын өткізу ретімен танысты.

Сонымен қатар, Тәжікстан делегациясы клиникалық базалардың бірі «Аруана» оңалту орталығында болды, сондағы орталық дәрігерлері әртүрлі профильдегі науқастарды оңалтудың мультидисциплинарлы тәсілі мен оңалтудың заманауи тенденциялары тұралы баяндап берді, сондай-ақ орталықтағы студент – болашақ дәрігерлер орталықта тағылымдамадан өтіп, оқуға ғана емес, көп салалы ұжымдардың жұмысына да белсене қатысатын рөлімен танысты.

Бұл экскурсияның нәтижесі ретінде қонақтарымыздың ұқсас орталықты Тәжікстанда ұйымдастыруға деген ұмтылыс болды. Алдағы уақытқа денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасымен бірлескен ынтымақтастықтың болашақ жоспарлары белгіленді.