Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым"атты республикалық эссе байқауы
Биыл тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай, Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Денсаулық сақтау саясатыжәне ұйымдастыру кафедрасы 5-13 желтоқсан аралығында медициналық ЖОО магистранттары арасында "Тәуелсіздік жылдарындағы денсаулық сақтаудың дамуы: менің көзқарасым" атты республикалық эссе байқауын жариялады. Байқаудың арнайы шарттары мен талаптары еліміздегі барлық медициналық ЖОО-на жіберілді. Байқаудың ресми уақыты жарияланған күннен бастап, Қазақстанның түпкір-түкпірінен медициналық оқу орындарында білім алып жатқан магистранттар өз бақтарын сынады. Байқауға “Семей медицина университеті” КеАҚ, С.Ж.Асфендиров атындағы ҚазҰМУ, "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті", "Қарағанды медицина университеті" университеттерінен 18 магистрант қатысты.