Жаңалықтар

“NATIONAL AWARENESS DAY” at Al-Farabi Kazakh National University

03.10.2018

2018 жылы 3 қазанда  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  "Өмір бойы оқу үшін Директ - трансөңірлік ақпараттық сауаттылық" жобасы аясында  Дүниежүзі тарих, тарихнама және деректану кафедрасы, "Шетел филологиясы және аударма "кафедрасы, әл-Фараби Кітапханасы ұйымдастыруымен өткен. "Ұлттық хабардарлық күні" өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты-студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның ақпараттандырылуын арттыру.

Ары қарай оқу >>

Декан кубогі

30.09.2018

Әл-Фараби атындағы Тарих, археология және этнология факультетінің, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен, футзалдан Декан кубогі өтті. Аталған жарысқа студенттер және магистраннтардан 10 команда қатысып, соның ішінен 2-курс магистранттар (Саян и К.) командасы топ жарды. 2-орында 4 курс студенттері (Old boys) болса, қола жүлдеге 2-курс студенттерінен құралған "Predators" командасы ие болды.

Ары қарай оқу >>

Ғаббас Жұматұлы Жұматовқа – 100 жыл!

20.09.2018

Тарих, археология және этнология факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, атақты Брест қамалын қорғаушылардың бірі, тарихшы - ғалым, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ардагері Ғаббас Жұматұлы Жұматовтың 100 жылдығын атап өту мақсатында, «Ғасыр жасаған тұлға: ғалым, ұстаз, батыр» атты еске алу жиыны өтті. Жиын «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығында ресми түрде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру және тіл» тақырыбында дөңгелек үстел

19.09.2018

Тілдер апталығы аясында 1 курс «Археология және этнология» мамандығының студенттерімен «Рухани жаңғыру және тіл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері тілдері мен мемлекеттік тілдің қолданылуы және қазақ тілінің болашағы талғыланды.

Ары қарай оқу >>

Тілдер апталығы аясында Алматы музейіне саяхат

17.09.2018

Тілдер апталығы аясында «Археология және этнология», «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандықтарының 1 курс студенттері Алматы қаласының тарихы мұражайында Қазақстан телеарнасының 60 жылдығына орай өткізілген дөңгелек үстелге қатысып, Алматы музейіндегі жәрігерлерді тамашалады.

Ары қарай оқу >>

Орталық Азияны зерттеуге байланысты халықаралық семинар

07.09.2018

Қазақ университетінің қабырғасында Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен «A New Frontier in the Study of Modern History of Central Asia: Research Collaboration between Kazakhstan and Japan» атты халықаралық семинар өтті. Семинардың бірінші бөлімінде Жапония мен Қазақстандағы қазіргі тарихнамадағы Орталық Азияны зерттеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы № 43 жалпы орта мектебінде көрме жасалды

19.05.2018

19.05. күні Алматы қ. № 43 жалпы орта білім беретін мектебінде Шілікті, Алтай, Үржар археологиялық экспедицияларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге экспедициялардың фото суреттері, далалық жұмыс барысында табылған жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар, тарих, археология және этнология факультетінің буклеті де оқушылардың назарына қойылды.  Мектеп оқушылары көрмені тамашалап қана қоймай, факультет мамандықтарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Ары қарай оқу >>

ҚР Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу

12.05.2018

ҚазҰУ-дың, тарих, археология және этнология факультетінің 1987 жылғы түлегі, бүгінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтановпен бірге тарих, археология және этнология факультетінде келді

Ары қарай оқу >>