Халықаралық қызмет

Факультет алыс-жақын шетелдік ЖОО мен ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Шетелдік университеттердің профессор –оқытушы құрамымен әріптестікте халықаралық бағдарламалар орындалады. Бакалавр, магистратура және PhD бөлімдері бағдарламаларын дайындауда ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңдердегі зерттеулерді қолдануда өзара үндестік орнатылып, классикалық және заманауи деректер, тарихнамалық зерттеулер кеңінен қолданылады.

Шетелдік ЖОО мен ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағлымдамалардан өту, академиялық ұтқырлықпен студенттердің білімін жетілдіру жолға қойылған. Атап айтқанда:

  • Стамбул университеті (Туркия)
  • Синан Мимар Өнер университеті (Турция)
  • Висконсин-Мэдисон университеті (АҚШ)
  • Хоккайдо университеті (Жапония)
  • Ресей мемлекеттік туризм және қызмет университеті (РФ)
  • Адам Мицкевич атындағы университет (Польша)
  • Суразаков атындағы Алтай тану институты (РФ)
  • Колумбия университеті (Нью-Йорк, АҚШ)
  • Ресей ҒА (Новосібір, Ресей)
  • М.С.Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу, Ресей)
  • Новосібір мемлекеттік университеті (Новосібір, Ресей)
  • Цюрих университеті (Швейцария)
  • Нара институты(Токио, Жапония)
  • Хаджеттеп университеті, Ататүрік ғылыми-зерттеу институты (Анкара, Туркия)
  • Гази университеті, «Археология» ғылыми-зерттеу институты (Анкара, Туркия)
  • М.М.Герасимов атындағы антропология институты (Санкт-Петербург, Ресей)

Ла-Сапиенза (Италия) және РММУ (Ресей) университеттерімен қос дипломды білім беру ісі жолға қойылған.