Архившілердің онлайн кеңесі

   

         2020 жылдың 8 сәуірінде ҚР БҒМ жобалау кеңсесі "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" жобаларды басқару тобының кіші секциясының қатысуымен "Журналистика және ақпарат" кадрлар даярлау бағыты бойынша бекітілген Кәсіби Стандарттар негізінде және құрастырушылармен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша онлайн кеңесі өтті. Онлайн кеңеске Болон процесі және академиялық мобильдік орталығының орынбасары – Г. С. Жарасова; Болон процесі және академиялық мобильдік орталығы жобалық тобының менеджері – Ж. С. Жүргенов; кәсіби стандарттарды әзірлеушілер: "HR-менеджерлер қауымдастығы" ҚБ - В. Опря; "HR-менеджерлер қауымдастығы" ҚБ - Г.К. Қайсенова; ҚР Президенті архиві директорының орынбасары - К.Ш. Әлімғазинов; ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты директорының орынбасары – М. .Жылысбаева; ҚР Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары Орталық мұрағаты директорының орынбасары - С.А. Сатаева;; ҚР орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының директоры - Б. А. Жұматаева; Алматы қаласы Орталық мемлекеттік мұрағатының директоры-А. Қ. Ботанов қатысты.

Қатысушылар кәсіби стандарттар түрлі біліктілік деңгейлеріндегі және жалпы технологиялық міндеттермен байланысты мамандардың арнайы қызметін ашып көрсетеді деген бір ауыздан пікір білдірді. Бұл ретте кәсіби стандарттардағы маманға қойылатын талаптардың сипаттамасы білімге, шеберлікке және құзыреттілікке, кәсіби тәжірибеге қойылатын талаптардың үйлесімі түрінде неғұрлым заманауи құрылымды пайдалана отырып кешенді сипатқа ие. Бұл стандартқа айтарлықтай қызығушылықты оқытушылар танытты, өйткені кәсіби стандарттар негізінде кәсіби құзыреттілікке оқыту негізделеді, бұл білім беру нәтижелерімен тікелей байланысты. Кәсіби стандартта және сала кадрларының перспективалы дамуында нарықтық қажеттілік негізінде тұтастай алғанда мұрағат саласына және нақты білім беру бағдарламасына бөлінген бюджет орындарының саны анықталғаны атап өтілді.

Мамандық бойынша кәсіби стандарт пен білім беру бағдарламаларын талдау және салыстыру тақырыбына байланысты мәселелер бұрын жұмыс берушілердің қатысуымен өткен әдістемелік семинарда көтерілді. Семинардың күн тәртібінде жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын кәсіптік стандарттарға бағыттау мәселелері талқыланды.

Онлайн кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Мұрағаттану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша кәсіби стандарт жобасын әр түрлі біліктілік деңгейлерін ескере отырып әзірлеу және бекіту ұсынылды.

 

Сексенбаева Г.А.

Алпысбаева Н.К.