ҚР Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлымен кездесу

12.05.2018

Көрулер: 3706

ҚазҰУ-дың, тарих, археология және этнология факультетінің 1987 жылғы түлегі, бүгінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Әбдірахманов Қайрат Құдайбергенұлы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры, академик Ғалым Мұтановпен бірге тарих, археология және этнология факультетінде келіп, Д.И.Дулатова, М.К.Қозыбаев атындағы дәрісханаларда, музей мен факультет кафедраларында болып, студенттік кездерін еске алды. Тарих, археология және этнология факультетінің деканы, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы факультеттің бүгінгі жетістіктері жайында баяндап берді. Қайрат Құдайбергенұлы өзіне дәріс берген профессорларға жылы лебізін білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесу кеші әсерлі өтті.

Тарих, археология және этнология факультеті