Алматы қаласы № 43 жалпы орта мектебінде көрме жасалды

19.05.2018

Көрулер: 3136

19.05. күні Алматы қ. № 43 жалпы орта білім беретін мектебінде Шілікті, Алтай, Үржар археологиялық экспедицияларының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге экспедициялардың фото суреттері, далалық жұмыс барысында табылған жәдігерлері қойылды. Сонымен қатар, тарих, археология және этнология факультетінің буклеті де оқушылардың назарына қойылды.  Мектеп оқушылары көрмені тамашалап қана қоймай, факультет мамандықтарымен де танысуға мүмкіндік алды.

Археология, этнология және музеология кафедрасы