Орталық Азияны зерттеуге байланысты халықаралық семинар

07.09.2018

Көрулер: 2240

Қазақ университетінің қабырғасында Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының ұйымдастыруымен «A New Frontier in the Study of Modern History of Central Asia: Research Collaboration between Kazakhstan and Japan» атты халықаралық семинар өтті. Семинардың бірінші бөлімінде Жапония мен Қазақстандағы қазіргі тарихнамадағы Орталық Азияны зерттеу саласындағы өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасалды.

Екінші бөлімінде қазіргі замандағы университеттердің интернационализациясы туралы қызу пікірталас орын алды. Бұл тақырыпта Уаседа университетінің профессоры Кейко Сакурай, Қазақ ұлттық университетінің проректоры М.М. Бүркітбаев баяндама жасады. Пікір талас барысында маңызды мәселе – ұлттық университеттердің интернационализациялануы аясында түрлі пікірлер айтылды.

Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы

Сұлтанғалиева Г.С.