Жаңалықтар

ТМД елдерінің жас архивистерінің IV жазғы мектебі

16.06.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен және Қазақстан Республикасы Президентінің архивімен ынтымақтастықта жыл сайын ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған жазғы мектеп өткізеді. ТМД елдерінің жас архивистеріне арналған дәстүрлі жазғы мектеп биыл алғаш рет 21-23 маусым аралығында бейнеконференция форматында өтеді.

Ары қарай оқу >>

«Алтын Орда: өркениеттер тоғысында»

16.06.2021

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2021 жылы 22 маусымда Алтын Орданың құрылуына 750 жыл толуына орай «Алтын Орда: өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.

Конференцияда Алтын Орданың әлемдік тарихтағы орны мен рөлі ашып көрсетіледі және оған қатысты қазіргі кездегі концептуалдық көзқарастар талқыланады.

Конференция жұмысы пәнаралық синтез негізінде Алтын Ордадағы этно-мәдени құндылықтардың тарихи белгілері, көшпелілер қоғамы институтының саяси және этноәлеуметтік іргетасы, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын зерттеу аспектісінде қарастыруға арналған, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы саяси және мәдени, әлеуметтік тарихтың беталысын өзгерткен және жүргізілген археологиялық зерттеулердің жаңалықтары негізінде Алтын Ордадағы мәдениеттер сұхбаттастығына қатысты тың тұжырымдар мен зерттеушілердің ғылыми жаңалықтары сарапталады.

Ары қарай оқу >>

«Бір қаланың тарихы» тақырыбында Алматы мұражайы бойынша онлайн-экскурсия.

02.06.2021

2021 жылы 4 мамырда сағат 10:00-де Zoom платформасында Қазақстан тарихы кафедрасының Джиеналиева Камшат 1 курс магистрантың 1-курс студенттерге арналған «Бір қаланың тарихы» атты оқу іс-шарасы өткізілді. Оқыту тәжірибесінің жетекшілері: Жолдыбаева У.М., Удербаева С.К.

Ары қарай оқу >>

Кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуы.

02.06.2021

3-5 желтоқсан 2020 ж. Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева С.К. профессор А.В.Ремневтің (Омбы қ.) 65 жылдығына арналған «Империя халқы - Адамдар империясы: Ресейдің азиялық шеткі аймақтарының жеке және институционалдық тарихы» атты Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты және келесі тақырыпта баяндама жасады: «Көрнекі өмірбаяндық құжаттар - фотоальбомдар және фотография өмірбаяндық зерттеудің қайнар көзі ретінде».

 

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері.

02.06.2021

     «Жас тарихшы» үйірмесінің мүшелері 4-курс студенттері Нұржігіт Адигинеев пен Жақбырбай Еділ тарих ғылымдарының кандидаты Үдербаева Сәуле Карибайқызының жетекшілігімен «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Жақбырбай Еділ дипломмен марапатталды және өз бөлімінде 2 орын алды. Адигинеев Нұржігіт қатысқаны туралы сертификат алды.

Ары қарай оқу >>

«Тарихи есептеу» және «Жас тарихшы» ғылыми үйірмелерінің мүшелері «Фараби Әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жүлдегерлері.

02.06.2021

«Тарихи есептеу» және «Жас тарихшы» үйірмесінің мүшелері 2 курс студенттері Жолмухамбетов Адиль және Камышкенова Азалия тарих ғылымдарының докторы Жакишева Сауле Аукеновнаның, тарих ғылымдарының кандидаты Удербаева Сауле Карибайқызының жетекшілігімен жас ғалымдары «Фараби әлемі» студенттер мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясына қатысты. Жолмұхамбетов Әділ дипломмен марапатталды және өз бөлімінде 3 орынға ие болды. Камышкенова Азалия қатысқаны туралы сертификат алды.

 

Ары қарай оқу >>

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының Нархоз университетінің халықаралық ғылыми онлайн конференциясына қатысуы.

02.06.2021

     Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Удербаева Сәуле Кәрібайқызы 2021 жылдың 15-19 сәуір аралығында Нархоз университетінің жыл сайынғы «Рысқұлов оқулары-2021» жұмысына қатысты. 2021 онлайн-конференциясының басты тақырыбы - «Shaping the future of education in social sciences» - әлемдік тенденциялар аясында әлеуметтік ғылымдарды дамыту.

 

Ары қарай оқу >>

«ЕУРАЗИЯ ӘЛЕМІ: ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН»

24.05.2021

12 наурыз 2021 ж. тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева С.К. IV Бүкілресейлік ғылыми-практикалық онлайн «ЕУРАЗИЯ ӘЛЕМІ: ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» (Уфа к.) конференцияға қатысты және «1870 жылы Маңғыстаудағы қазақтардың Адайлар көтерілісінің тарихы» тақырыбында баяндама жасады. 

Ары қарай оқу >>

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының халықаралық онлайн ғылыми семинарға қатысуы

24.05.2021

Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Удербаева Сәуле Кәрібайқызы 5 наурыз, 2021 ж. Кембридж Орталық Азия форумы Даму жөніндегі зерттеулер орталығымен және GCRF COMPASS жобасымен, Кембридж университетімен бірлесіп ұйымдастырған ғылыми семинарға қатысты.

Ары қарай оқу >>