«Фараби әлемі» онлайн-конференциясы

     2020 жылдың 6-9 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі «Фараби әлемі» конференциясы болып өтті. Бағдарлама бойынша тарих, археология және этнология факультетінде барлығы 8 секцияжұмыс істеді. Соның бірі «Антика дәуірі және орта ғасырлардағы әлем тарихы» секциясының жұмысына барлығы 12 студент қатысты. Ең бір қызу талқылау туғызған баяндамалар: 2 курс студенті Асқарова Ботагөз «Ортағасырлық түркілер тарихындағы хазарлардың орны», 4 курс студенті Набидулла Жандостың «Томаззо Кампанелланың әлеуметтік-гуманистік идеялары», 2 курс студенті Давутова Гулинурдың «Отношение к детям в средневековой Европе», 4 курс студенті Азим Аружанның «Эфталиттердің саяси тарихы» тақырыбындағы баяндамалары болды.

    Жалпы, онлайн-конференция қызу талқылаулармен, жоғары деңгейде өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстары әр түрлі марапаттауларға ұсынылды.

    Конференция жұмысына байланысты жасайтын ең басты қорытындымыз – мына, әлемді жайлаған коронавирус індетіне қарамастан, және соған байланысты университетімізде жаппай енгізілген қашықтықтан оқыту жүйесіне қарамастан студенттердің ғылымға деген қызығушылығының бәсеңдемегені, керісінше арта түскендігіне көз жеткіздік. Бұл университет оқытушыларын ерекше қуантқан жағдай болды. Мұның өзі қазақ жастарының еліміздің болашағы ғылым мен технологияда екендігін жақсы түсінетіндігінің айқын айғағы деп білеміз.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану

кафедрасының доценті, т.ғ.к. Қартабаева Е.Т.