Жаңалықтар

Қазақ әскери комиссариаты. Құпиясыздандырылған құжаттар

04.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырады. Көрмені ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директор орынбасары М.Г. Жылысбаева ашты. Қазақ әскери комиссариаты қоры құжаттарының құпиясыздандырылуы туралы Каратаева Гүлнар Миронқызы толық және қызықты мәліметтер берді.

Ары қарай оқу >>

Құрметті академик У.Х. Шалекеновпен кездесу

04.05.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тариx, арxеология және этнология факультетінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ардақты ұстаз, бүгінде аты аңызға айналған т.ғ.д., профессор Уаxит Шалекеновпен келелі кездесу өтті. Кездесуде қазақ тариxының ақтаңдақ беттері терең талданып, бүгінгі тәуелсіз тариxымыздың парақтарына тариxи талдау жасалды. Тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктерін ардақтауға шақырды.

Ары қарай оқу >>

Кімасар шатқалына сапар

03.05.2018

Археология, этнология және музеология кафедрасы "Музей ісі және ескерткіштерді қорғау" мамандығының 2 курс студенттері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі Кімасар шатқалына саяхат жасады

Ары қарай оқу >>

Түркі әлемінің халықаралық симпозиумы

27.04.2018

2018 жылдың 24-27 сәуір аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих, археология және этнология факультеті мен Ататүрік «Мәдениет, тіл мен тарих» ғылыми-зерттеу орталығы біріге отырып Алматы қаласында «ХХ ғасырдың басынан бастап бүгінгі күнге дейінгі түркі әлемінің саяси, экономикалық және мәдени дамуы» атты халықаралық симпозиум өткізді.

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы Наурызбай ауданының №188 қазақ гимназиясында мамандыққа бейімдеу сабағы

24.04.2018

Наурызбай ауданы, №188 қазақ гимназиясында  әл-Фараби атын. КазҰУ, , дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нұрпейсова Б.Е, кафедра меңгерушісі  оқу-тәрбие ісі орынбасары Мырзабекова Р.С., мамандыққа бейімдеу сабағын өткізді. 60 гимназия бітіруші түлектер және ұстаздары қатысты

Ары қарай оқу >>

1938-1939 жж. халықаралық дағдарыс

23.04.2018

2018 ж. 23-сәуірде №7 ауд. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Кокебаева Гульжаухар Какеновна «1938-1939 жж. Халықаралық дағдарыс» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы, наурызбай ауданының №187 орта мектепте мамандыққа бейімдеу сабағы

23.04.2018

Наурызбай ауданы, №187 орыс мектебінде әл-Фараби атын. КазҰУ, тарих, археология және этнология  факультеті, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Нұрпейсова Б.Е, факультет деканының оқу-тәрбие ісі орынбасары Дауытбекова М. К., мамандыққа бейімдеу сабағын өткізді. 22 мектеп бітіруші түлектер және мектеп ұстаздары қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ қалашығында «әз-Наурыз» мейрамы атап өтілді

21.04.2018

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «әз-Наурыз» мейрамы атап өтілген болатын. Мерекеде концерттік бағдарлама, қойылымдар, ойындармен қатар бағыт бағдар беру жұмысы да өткізілген болатын. Университетіміздің Абитуриент орталығының ұйымдастырылуымен және әр факультет бағыт бағдар беру жұмысына жауаптылармен бірге келушілерге университет туралы мағлұматтар берілді. Біздің факультеттен Ахметжанова А.Т. және Қозыбакова Ф.А. қатысып, факультетіміздің мамандықтары туралы келушілерге толық мәлімет берді.

Ары қарай оқу >>

«Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі

21.04.2018

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультетінде «Жұмыс берушілер кеңесінің» мәжілісі өтті. Мәжіліске ҚР Президент архиві, ҚР Ұлттық архиві, Орталық мемлекеттік Алматы қаласының архиві, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасы, ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет Комитетінің республикалық  зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  кітапханасы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі», «Остров Крым» ғылыми -реставрация лабораториясы, Генетика және цитология институты, ғылыми-зерттеу институттары мен жалпы білім беретін мектептердің директорлары, директор орынбасарлары қатысты.

Ары қарай оқу >>