Студенттік ұйымдар

      Факультет көлемінде жұмыстанып жатқан студенттік ұйымдар:

1.  Академиялық студенттік кеңес 

2. "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіп одағының қоғамдық бірлестігі

3. "Студенттердің ғылыми қоғамы"

4. Студенттер Сенаты

5. "Жас Отан" ЖҚ

6. "Көмек" Қоғамдық қоры

7. Студенттік кеңес

 

1.  Ұйым аты: Академиялық студенттік кеңес.

Мақсаты: Білімге сананың ашықтығы мен прагматизм құндылықтарына негізделген бәсекеге қабілетті жастардың қалыптасуына ықпал ету. Ұйымда: 10 адам

2. Ұйым аты: «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі

«Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының қоғамдық бірлестігі ҚР Азаматтық Кодексі және ҚР Конституциясы негізінде азаматтардың заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіби ортақ қызығушылықтары мен еркін ерік білдіру негізінде құрылған «Сұңқар» студенттер кәсіподағы ерікті, дербес, тәуелсіз, бекітілген және жеке мүшелігі бар  үкіметтік емес қоғамдық бірлестік болып табылады.Студенттер мен магистранттар кәсіподағының мақсаттары мен атқаратын қызмет түрлері:

 – Қазақстан Республикасының бекітілген Заңына сәйкес ұйымдасқан қорғау мен ұсыным негізінде өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен қызығушылықтарын ұйымдасып қорғау, жағдайды жақсарту, мүшелерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау, бірігіп әрекет етіп:- қарастырылған Заңға сәйкес стипендиялар мен жәрдемақылардың уақытылы түсуін қамтамасыз ету;- еңбек етуге, оқуға қауіпсіз жағдайлар жасау;

- шығармашылық еңбек ету мен оқуға жағдай жасау;

- медициналық көмек көрсету, емделу және демалуға, тұрмыстық;

-үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік жасау;

- жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету және т.б.

Төраға:Ергеш Ернар Орынбасарұлы

Орынбасар:Даутанова Рысгүл. Құрамында :26 адам

     

        3.  Ұйым аты: "Студенттердің Ғылыми Қоғамы"

Студенттердің ғылыми қоғамы – студенттерді ғылымға баулу, түрлі ғылыми жобаларға, конференцияларға, студент бизнес инкубаторларға, дөңгелек үстелдерге қатысуға шақыру, студенттің өмірін ғылым саласы бойынша қызықты, жан-жақты етіп өткізетін ұйым. Әр студент жоғары оқу орнына түскеннен кейін өзін-өзі дамыту үшін қандай да бір деңгейде ғылыммен айналысуы керек. Ғылым студенттің өз саласы бойынша ізденуіне, еңбектенуіне мүмкіндік береді және сол арқылы жақсы маман болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл ұйым сонымен қатар түрлі интеллектуалды ойындар, іс-шаралар, білімге бағытталған сайыстар өткізумен айналысады. Осы айтылғандар студенттің ой-өрісін дамытады, жан-жақты көзқарасын кеңейтеді, білсем екен деген құштарлыққа жақындатады.

СҒҚ –білімге, дамуға, жаңа белестерді бағындыруға құштар жастардың басын біріктірген үлкен отбасы.

Қазіргі таңда ұйымда 14 студент бар

 

 

         4.  Ұйым аты: Студенттер Сенаты

ҚазҰУ студенттер Сенаты – әр факультеттің Мәслихат мүшелері кіретін студенттердің өзін-өзі басқарудың жоғарғы органы.

Студенттер Сенатының мақсаты студенттер қызығушылығын университет басшылығының алдына ұсыну, халықаралық, мемлекеттік және университетаралық деңгейде университет имиджін жоғарылату және нығайту, қоғамдық өмірдің бастапқы функционалды бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу және жүйелі жұмысты ұйымдастыру, студенттерде басқару қызметінің біліктіліктерін дамыту және ішкі потенциалдың жүзеге асырылуына көмек көрсету, университетте оқу процесінің тиімділігін жоғарылату, студенттердің белсенді өмірлік және азаматтық позициясын жоғарылату, салауатты өмір салтын насихаттау, университет және факультет деңгейінде студенттердің өзін-өзі басқару механизмдерін жоғарылату бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру. Ұйымда: 25 адам

       

        5.  Ұйым аты: «Жас Отан» ЖҚ

Мақсаты: «Жас Отан» ЖҚ «Нұр Отан» партиясының идеясын қолдайды.Ұйымның мақсаты мемлекеттің дамуды жаңашылдыққа ұмытылуды қамтамасыз ету мақсатымен елбасының саяси платформасының негізінде Қазақстан жастарын біріктіру. Мақсаты - өзінің cоңынан жастарды тартып, қабілетті, мықты және абыройлы саяси жастар ұйымын құру.

Негізгі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін «Жас Отан» ЖҚ негізгі жұмыс бағытын айқындайтын кезек күттірмес міндеттерді жүзеге асырады:

1.Мемлекет басшысының саясатын қолдап, жастарды біріктіру. Аталған міндет жастар арасында еліміздің Президентінің беделін нығайту мен «Нұр Отан» ХДП-на жастардың сенімін көтеру бойынша кешенді шаралар әзірлеп, мемлекеттік-патриоттық негізде еліміздегі жастарды біріктіру.

2.Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – жастар үшін мемлекеттік кепіл мен құқықтарының қорғалуы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырылған.

3.«Жас Отан» ЖҚ қызметінде жастардың көп бөлігін тарту арқылы «Нұр Отан» ХДП әлеуметтік базасын кеңейту. Жастар қанатында партияның мүшелерін көбейту бойынша механизмдер әзірленуде, сондай-ақ, «Жас Отан» Жастар қанатына басқа да жастар ұйымдары мен қауымдастықтар тартылуда.

4.Міндет партия мен мемлекеттік органдарға кадрлар резервін қалыптастыру. «Нұр Отан» ХДП мен биліктің мемлекеттік органдарында кадрды толықтыратын жас көшбасшыларды дайындайтын және айқындайтын жүйені құруды көздейді.   Ұйымда: 15 адам

       

         6.  Ұйым аты:  «Көмек» Қоғамдық Қоры

Әлемді жақсылықпен тербетуге, мейіріммен жұбатуға, қолдаумен жәрдемдесуге, көмек қолымен алға жетелеуге өз үлесін қосуға дайын студенттердің бірлестігі - "Көмек" қоғамдық қоры. Біз қазір әлемде болып жатқан әр түрлі жағдайлардың куәсі бола отырып, жер бетінде жақсылықтың таралуына, үстем болуына мейлінше өз үлесін қосуда еңбектенетін жандардың қатарынанбыз. Біз - көмекке мұқтаж жандардың барлығына, үлкені мен кішісіне мейлінше жәрдем етуді өз мақсатымыз деп білетін студент жастардың бірлестігіміз. Біздің мақсатымыз - жақсылыққа үндеу, жақсылықтың таралуына еңбек ету және жан жылуымен бөлісу. Сіз де біздің қатарымыздан табылыңыз!

«Көмек» – бұл әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың негізінде құрылған халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтарына көмек көрсету мақсатындағы еріктілер жұмысынның ұйымдастырылуымен айналысатын студенттер қауымы.

Жобаның негізі:  Біздің болашағымыз - жастардың қолында. Қоғамның қалыптасуына жас ұрпақтың маңызы зор. Еріктілік жұмыс – бұл жастардың әлеуметтік белсенділігін танытатын, әлеуметтік жауапкершілікке, патриотизмге, көшбасшылық қасиеттерге, студенттерді бірін-бірі түсінушілікке және қолдауға тәрбиелейтін кең ауқымды қызмет түрі. Біздің мақсатымыз жастар энергиясын өздерінің жеке тұлға ретінде қалыптасуына және қоғам пайдасына бағыттау. Біздің жоба жетімдерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, түзету мектебіндегі балаларға, аутизм және ісік ауруларымен ауыратын балаларға, сонымен қатар еріктілік көмекке мұқтаж қарттарға еріктілік көмек ұйымдастыруға негізделген. Сонымен бірге мұнда формальді емес білім аясында интермәдени қатынасқа, бітімгершілікке, келіспеушілікті шешуге, экологияны қорғауға бағытталған балалармен жұмыс та кіреді. Сонымен қатар балалар үйінің аясынан шықпайтын, сүйіспеншілік, ерекше көңіл, ауқымды қарым-қатынас және үй жылуы жетіспейтін балалармен шаралар өткізіледі. Ондай балалардың шектеулі аумақта өмір сүріп, сыртқы ортамен еркін қарым-қатынас жасау мүмкіншіліктерінің болмауы және өмірді нашар бағамдайтыны белгілі. Сол себептен олармен үнемі жұмыс істеу керек. Өкінішке орай, тәрбиешілерге оған уақыт жетпейді. Сондықтан біздің университетіміздің және басқа да ЖОО-ның студенттері бұл жұмысқа ат салыса алады. Тұрақты жұмыс жасайтын студенттік жастардан құралған біздің жобамыз көптеген балалар үйін қамти алады. Ал ең бастысы, көптеген балаларға өмірде өз жолын табуға көмектеседі! 

Мақсаттары:

1.    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студент жастарының әлеуметтік жауапкершілігін, бір-біріне көмектесуін және қолдауын дамыту.

2.    Студент жастарға патриотизм, көшбасшылық қасиет, экологиялық, эстетикалық, этикалық және еңбек тәрбиесінің негізін ендіру.

3.    Моральдық және физикалық көмек көрсету.

4.    Балалардың аурумен күресу деңгейін жоғарылату.

5.    Жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық (репетиторлық) көмек көрсету.  

Ұйымда: 39 адам

          7.  Ұйым аты: Студенттік кеңес

Мақсаты: Жатақхананын тазалығы мен студенттердің тыныштығы, мерекелердің безендірілуі мен іс шаралардың өтуі, студенттердің массовкаларға толық шығуын қадағалау.Ұйымда:42