Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары

23.10.2023

Көрулер: 300

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары аясында 2023 жылдың 21 қазанында доцент А.Р. Әліпбаевтың жетекшілігімен “Дипломатиялық құжаттама және протокол” пәнінен жинаған теориялық білімді тәжірибе негізінде бекіту мақсатымен студенттер арасында дипломатиялық сұхбат жүргізілді. 

Халықаралық қатынастар мамандығының 2 курс студенттері  Мінаж Ақниет және Сайлау Салтанат  Қазақстан Республикасы  мен Өзбекстан Республикасы Дипломатиялық миссия өкілдері рөлінде екі ел арасындағы келіссөздерге сүйене отырып, сұхбат дайындады. Осындай  сипаттағы тәжірибелік сабақтар студенттердің  дәрістер негізінде алған білімдерін іс жүзінде сынап көруіне мүмкіндік береді және бұл студенттердің келешекте білікті дипломат болып қалыптасуына үлкен ықпалын  тигізетіні сөзсіз.