"Білім беруді интернационализациялау: өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-гумантарлық аспект: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары" атты халықаралық ғылыми-практикалық симпозиум

06.10.2023

Көрулер: 302

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы және Наполи Лориентале (Италия) университетінің қатысуымен   «Білім беруді интернационализациялау: өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-гумантарлық аспект: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумі өтті.

Симпозиумға ҚазҰУ ректоры- басқарма төрағасы Ж.К. Түймебаев мен Неаполь университетінің ректоры профессор Роберто Тоттоли қатысты. 

Ғылыми – практикалық симпозиум модераторлары ф.ғ.к., профессор - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі А.С. Сейдикенова, Неаполь университетінің ректоры профессор Роберто Тоттоли, PhD, қауымдастырылған профессор  Л.Ф. Деловарова болды.

Симпозиум барысында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен L' Orientale Неаполитан университеті арасындағы ынтымақтастық: қазіргі жағдайы мен болашағы», «Африка және Азия байланыстары мен институттары бойынша ағылшын тіліндегі магистрлік бағдарлама», «Л’Ориенталь университетінің Орталық Азия және солтүстік-батыс Үндістандағы археологиялық зерттеулері және осы сала бойынша болашақтағы жаңа бірлескен жобалар», «Тарих факультетінің оқу процессіндегі интеграция және ғылыми дамуы» және т.б. тақырыптар қозғалды.