Саяси қайраткер, с.ғ.к., ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Н. Б. Ермекбаевтың "Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытайдың сыртқы саяси бастамалары" тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі

05.10.2023

Көрулер: 339

2023 жылдың 4 қазанында сағат 16.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде белгілі қазақстандық саяси қайраткер, саяси ғылымдарының кандидаты және қазіргі уақыттағы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевтың «Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қытайдың сыртқы саяси бастамалары» тақырыбындағы көшбасшылық дәрісі өткен болатын. Бір жағынан, Қазақстан мен Қытай арасындағы көршілестік факторын, сондай-ақ Пекиннің халықаралық істердегі геосаяси рөлінің күшеюін ескерсек, бұл баяндама халықаралық қатынастарға қызығатын қауым үшін ерекше маңызға ие болды. Сонымен қатар Нұрлан Ермекбаевтың әскери-саяси салалардағы мол тәжиірбесі өткен дәріске ерекше құндылық берген еді. Сондықан дәріс тыңдармандары Қазақстан сыртқы саясатындағы елеулі оқиғалардың қатысушысы немесе куәгері болған қайраткерден аса бағалы ақпарат пен білім алуға мүмкіндікке ие болды. Еске сала кетсек, кезінде Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қорғаныс министрі, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған және де Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігін басқарған.

Бұл Н.Б. Ермекбаевтың Халықаралық қатынастар факультетінің қабырғасында оқыған бірінші дәрісі емес және болашақта Нұрлан Байұзақұлы жаңа қызықты баяндамаларымен келеді деп күтудеміз. Сондықтан, хабарламалармен танысып, факультетіміздің шараларына қатысыңыздар!