«Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі

21.09.2023

Көрулер: 785

ТМД міндеттерін орындау аясында (Мақсат 4: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу) 2023 жылдың 20 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Халықаралық қатынастар және әлем әдебиеті» атты кітап көрмесі өтті. Іс-шара аясында оқырмандардың назарына «Steppe & World Publishing» баспасының кітап өнімдері ұсынылды. Көрменің соңында арнайы қонақтар ретінде шақырылған жоғарыда аталып өтілген баспаның директоры Раиса Қадыр және бас редакторы Назгүл Қожабек Халықаралық қатынастар факультетінің басшылығы және студенттерімен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында «Steppe & World Publishing» өкілдері Қазақстандағы кітап шығару саласындағы жағдай туралы атып берді, соныемн қатар аудиторияны қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.

Жалпы бұл ивент қазақстандықтардың жас буынының арасында оқу мәдениетін көтеру мақсатын көздеді. Осы орайда көрмеде қойылған кітаптар арнайы 20% жеңілдікпен сатылды. Көрменің қорытындысы бойынша қатысушылар факультет пен «Steppe & World Publishing» баспасы арасындағы ынтымақтастықтың жалғасуы туралы тілектерін білдірді.

Айта өту керек, өткен іс-шара Қазақстаннан тыс жерлерде де қоғамның үлкен қызығушылығын тудырды. Мысалы, әр түрлі түркиялық бес БАҚ ҚазҰУ профессоры Сафура Борибаеваның авторлығымен материалдар шығарды.

https://www.koridorgazetesi.com/turk-dunyasi/uluslararasi-iliskiler-ve-dunya-edebiyati-kitap-sergisi/

https://www.muskarahaber.com/uluslararasi-iliskiler-ve-dunya-edebiyati-kitap-sergisi

https://www.ndhaber.com.tr/uluslararasi-iliskiler-ve-dunya-edebiyati-kitap-sergisi-n-6223317

https://www.fibhaber.com/uluslararasi-iliskiler-ve-dunya-edebiyati-kitap-sergisi

https://www.kapadokyahaber.com.tr/haber/16499573/el-farabi-kazak-milli-universitesi-uluslararasi-iliskiler-ve-dunya-edebiyati-kitap-sergisi-duzenledi