БҰҰ-ның Қазақстандағы 30 жыл қызметі: жастардың көз-қарасы

17.02.2023

Көрулер: 661

 

Бейсенбі, 16 ақпан күні БҰҰ-ның Алматыдағы өкілдігінде БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы өкілдігінің ашылу күніне арналған "БҰҰ-ның Қазақстандағы 30 жылы: жастардың көз-қарасы" атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараны Алматы қаласындағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығы ұйымдастырды.

Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты-Үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханым, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұнғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ақмарал Арыстанбекова ханым; Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігінің Алматыдағы өкілдігі басшысының орынбасары Исламбек Райымов мырза; Қазақстандағы БҰҰ Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джастин Рашид мырза қатысты.

Дөңгелек үстелдің модераторлары-Алматы қаласындағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек мырза және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының директоры Деловарова Лейла Федоровна.әл-Фраби.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының командасы, БҰҰ моделінің командасы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "Халықаралық қатынастар" мамандығының бітіруші курсының 20 студенті Қазақстанның БҰҰ-дағы қызметінің болашақтағы көзқарасы мен Тұрақты Даму Мақсаттары бойынша өз жобаларын көрсетті.

 

- Дөңгелек үстел барысында Микаэла Фриберг-Стори ханым құттықтау сөзінде Қазақстанның БҰҰ шеңберіндегі қызметінің негізгі сәттерін атап өтті.

- Исламбек Райымов мырза БҰҰ-ның Қазақстандағы алғашқы өкілдігінің құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтап, ҚР Сыртқы істер министрлігінің БҰҰ мен ҚР бірлескен мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі мен үлесін атап өтті.

- Ақмарал Арыстанбекова ханым өз сөзінде БҰҰ қызметі аясындағы Қазақстанның бағалы қызметі, жолы мен тарихы туралы айтып берді.

- Джастин Рашид мырза қазіргі уақыттағы реалисттікпен қатар оптимист болу қажеттілігін және жалпыға ортақ бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін БҰҰ-ның барлық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

- Лейла Федоровна ханым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті UNAI бағдарламасының Жаһандық хабы болып табылатынына және жанындағы БҰҰ туралы Академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының қызметі Қазақстанда ТДМ іске асыруға үлес қоса алатындығына назар аударды.

- Өз кезегінде Властимил Самек мырза қатысушылардың барлық сөздерін талдай отырып, ТДМ-нің маңыздылығы мен ерекшелігін, сондай-ақ Қазақстанда іске асыру процесін атап өтті.

 Дөңгелек үстел достық атмосферасында өтті, онда барлық қатысушылар мен қонақтар ТДМ-ға қол жеткізу бойынша проблемаларды шешудің өзекті мәселелері мен әдістерін