Халықаралық білім күніне арналған пікірталас үстелі.

30.01.2023

Көрулер: 634

  Жұма, 27 қаңтарда халықаралық қатынастар факультетінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы Академиялық аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының Халықаралық білім күніне арналған пікірталас үстелі болып өтті.

Конференцияға қатысушы білім алушылар әлемнің түрлі аймақтарындағы білім алудағы теңдіктің, инклюзивті білім берудің өзектілігі мен мәселелері бойынша баяндамалар жасады, сондай-ақ пікірталас үстелінде одан әрі талқылауға қатысты. Конференция достық атмосферада өтті, онда барлық қатысушылар білімге қол жеткізу, инклюзивті білім беру мәселелерін шешімдері мен әдістері туралы әңгімелесу мүмкіндігін пайдаланды. Соңында үздік 2 баяндамашыға, үздік пікірсайысшыға номинациялық хаттар және қатысқаны үшін сертификаттар табысталды. Барлық қатысушылар өздерінің үлкен уәждемелерін көрсетіп, білім беру саласындағы ахуалдарға өз шешімдерін ұсынып отырды.