Жаңа Қазақстандағы тіл саясаты

24.02.2023

Көрулер: 676

2023 жылдың 21 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі Сейдикенова Алмаш Смайылқызы Францияның Пуатье университетінде Эразмус бағдарламасы аясында Франция, Албания, Польша, Хорватиядан келген оқытушы- профессорлар құрамы мен магистрант, докторанттарға "Жаңа Қазақстандағы тіл саясаты" тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды. Әріптестер, жас ғалымдар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бере отырып, көптілді және көпмәдениетті қоғамда өмір сүрудің артықшылығы мен кемшіліктері туралы пікірталасқа қатысты. Әріптестері мен жас ғалымдар баяндаманың олар үшін қызықты болғанын айтып оң пікірлерін білдірді. Болашақта байланысты одан әрі нығайтып, жаңа жобалар бойынша жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

Сонымен қатар, профессор Philippe Rogéon мен бірге Пуатье университетінің радиосы   Radio Pulsar-ға екі университет арасындағы байланыстар, болашақтағы жоспарлар, орта Азиядағы Өзбекстан, Қырғызстан университеттерімен бірлесіп жұмыс істеу жоспарлары туралы айтты.