«Atomic Steppe: how Kazakhstan gave Up the Bomb» кітабының тұсаукесері

9-қаз-22

Көрулер: 834

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Герман қоғамдық қауымдастығының «Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қор» өкілдігі қазақ тіліндегі «Atomic Steppe: how Kazakhstan gave Up the Bomb» кітабының тұсаукесеріне арналған іс-шараға өткізді.

Фридрих Эберт атындағы қор Тоғжан Қасенованың «Atomic Steppe: how Kazakhstan gave Up the Bomb» кітабын қазақ тіліне аудару жобасын аяқтайды. Аталған кітаптың қазақ тіліне аудармасы Семей полигонындағы ядролық қару сынақтарынан қазақ халқына келтірілген азапты негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының мұрасы - ядролық қарудан бас тарту жөніндегі саясатын қалай жүргізгендігі туралы қалың жұртшылыққа таныстыруға мүмкіндік береді.