"Lex" студенттік пікірталас клубының ашылуы

27.10.2021

Көрулер: 1142

2021 жылдың қазан айының 27-сі күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен "Lex" студенттік пікірталас клубының салтанатты ашылуы өткізілді. "Lex" студенттік пікірталас клубы халықаралық құқық кафедрасының PHD докторы, доценті - Л.Б. Нысанбекованың жетекшілігімен яғни бастамасымен құрылды. Ашылу салтанатына халықаралық қатынастар факультетінің деканы - Айдарбаев С.Ж., халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі - Сайрамбаева Ж.Т. және халықаралық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты. "Lex" студенттік пікірталас клубы бірінші күннен бастап, қызу жұмысқа кірісті, себебі 27 қазан күні сағат 15:00де Парманова Еркежанның ("Брайэн" заң мекемесі) дәрісі өткізілді. Кафедрамыздың аумағында заң саласындағы клубтың ашылуымен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз.