ANTALYA BELEK UNIVERSITY-де біліктілікті арттыру

30.10.2021

Көрулер: 1133

2021 жылдың 23-29 қазан аралығында үздік 50 оқытушы (оның ішінде халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторы, доцент м.а. Нысанбекова Л. Б., э.ғ.к., доцент м.а. Медуханова Л.А.) мен ҚазҰУ қызметкерлері ANTALYA BILIM UNIVERSITY-де біліктілікті арттыруға және тәжірибе алмасуға бірегей қатысты. Бұл университет тарихындағы бұрын-соңды болмаған тәжірибе, бірнеше ондаған оқытушыларға біліктілігін арттырып қана қоймай, әртүрлі факультеттің барлық өкілдерін біртұтас корпоративтік отбасына біріктіруге, университеттің кәсіби кадрлары болып табылатын әрбір қызметкердің құндылығын сезінуге мүмкіндік береді.