"Тәуелсіздіктің жетістіктері – экономикалық даму деңгейі" тақырыбына арналған дөңгелек үстел

02.12.2021

Көрулер: 2091

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Халықаралық қатынастар» факультетінің,«Халықаралық қатынастар және халықаралық экономика» кафедрасының ұстазы, модератор - э.ғ.к., аға оқытушы Пернеева Г.А. 2.12.2021ж «Халықаралық экономика» мамандығының  қазақ және орыс тобының 3-4 курстың студенттерімен  «Тәуелсіздіктің жетістіктері – экономикалық даму деңгейі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды.

     «Халықаралық қатынастар» факультетінің оқу орнының 216 кабинетінде сағат 14-00 басталған жиынға шақырылған қонақтар және «Халықаралық қатынастар және халықаралық экономика» кафедрасының мүшелері қатысты.

     Сырттан шақырылған қонақтар, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының э.ғ.д., профессоры Абдикулова П.Ж., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің э.ғ.д., профессоры Абралиев О.А., жеке кәсіпкер Бейсенбин Г.Қ. дөңгелек үстелге қатысушылармен таныстырылды. Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің, «Тәуелсіздіктің жетістіктері - экономикалық даму деңгейі» атты  тақырыбына сәйкес сырттан келген  қонақтар сөз сөйлеп, жиынның ашылуына рұқсат берді.

      «Халықаралық қатынастар» факультетінің  оқу, әдістемелік және тәрбие  жөніндегі декан орынбасары Жекенов Д.К. сөз сөйлеп, студенттерге дөңгелек үстелдің жұмысының нәтижесіне  сәттілік тіледі.

«Тәуелсіздіктің жетістіктері – экономикалық даму деңгейі» тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысып отырған қауым, Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған видеожазбаны тамашалады, осы шараға арналған плакат жасады.

      Әлемдік экономика мамандығының 3 курс қазақ тобының студенті Жумагалиева Лаула  Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өз туындысын «Өрен елдің өр ұрпағы» атты  өлең шумағын оқып берді.

      Ғылыми жетекшісі, э.ғ.к., аға оқытушы Пернеева Г. А. дөңгелек үстелге дайындаған бағдарламаға сәйкес кезекпен, студенттер қауымы өздерінің ғылыми еңбектерін талдап, жеке ойларын ортаға салып, жинаған ақпараттарына байланысты деректерді презентация формасында көрнекті құралдарды пайдаланып, жалпы Қазақстанның экономика салаларында жеткен жетістіктерімен қатар, кемшіліктерін де баяндап шықты. 

Әлемдік экономика мамандығы 4 курс қазақ тобының студенті  Ағыбай Жанерке  Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өз туындысын, «ҚАЗАҚПЫЗ» атты  өлең шумағын оқып берді.

       Қазақстанның тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстелдің соңында белсенді қатысқан студенттер мен сырттан келген қонақтар дипломмен марапатталды.