«Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының эволюциясы: теориясы және тәжірибесі»

29.11.2021

Көрулер: 1856

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «30 жылдығына арналған 30 апта» мерейтойлық жол картасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультеті, Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институты және Американдық демократиялық зерттеулердің ресурстық орталығы сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатының эволюциясы: теориясы және тәжірибесі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады. 

Конференцияның мақсаты – Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелері бойынша отандық, американдық, еуропалық сарапшылардың пікір алмасуы, оның негізгі бағыттарының даму перспективаларын, сондай-ақ Орталық Азиядағы заманауи қауіп-қатерлерді талқылау.

Өтетін күні: 3 желтоқсан 2021 ж.

Өтетін уақыты: 10.00-13.00

Өткізу форматы: офлайн / онлайн

Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУХалықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі 95.

Ұйымдастырушылар: Байқушикова Гульнара Серикбаевна: e-mail: baikushikova.gulnara@kaznu.kz және Байзакова Жұлдыз Ертісқызы Baizakova.kz@outlook.com. тел: 8 7714655715