«Қоршаған ортаны қорғау. Пластикалық қалдықтар. Пластикалық ыдыстардың адамға зияны» тақырыбы бойынша Дипломатиялық аударма кафедарсының ф.ғ.к Бақытов А.Т-ның онлайн тәрбие сағаты

08.04.2020

Көрулер: 1739

2020 жылдың 7-сәуірінде сағат 10.10-10.50 аралығында Халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бақытов Айтқали Тайжанұлы «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандықтары бойынша білім алатын 3-курс студенттерімен “ Қоршаған ортаны қорғау. Пластикалық қалдықтар. Пластикалық ыдыстардың адамға зияны ” тақырыбы бойынша Microsoft Teams платформасын қолданып, онлайн тәрбие сағатын өткізді. Студенттер осы аталған тақырыпқа әзірленген слайд бойынша пластикалық ыдыстарды қолдану ережелері, және пластикалық ыдыстарда көрсетілген белгілердің мағыналарымен, пластикалық ыдыстарды дұрыс қолданбаған жағдайдағы адамға келетін зиян туралы, сонымен қоқыстардың қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы ақпараттармен танысты. Тәрбие сағаты барысында "Пластикалық ыдыстардың зияны"   және «Үш пластикалық бөтелке тарихы» атты тәрбиелік мәніндегі видеороликтерді тамашалады.