Фараби Әлемі шеңберіндегі студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының көрмесі

09.04.2020

Көрулер: 1570

9 сәуірде әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың инновациялық жобаларының көрмесі өтті Көрмеде әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың барлық факультеттері студенттерінің инновациялық жобалары ұсынылды. Қашықтықтан оқыту формасына байланысты барлық жобалар Zoom онлайн платформасында талқыланып, студенттердің жобаларын университет қызметкерлері бағалады.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінен халықаралық құқық мамандығының 3 курс студенттері дайындаған 4 инновациялық жоба ұсынылды. Жобалардың ішінде А.Е. Сердалиеваның инновациялық жұмысы сияқты дайын және ресми мобильді қосымшаларда іске қосылған «Микрофон» мобильді қосымшасы секілді жоба бар. Ал Өмірзақов И. «Жылжымалы шаштараз» жобасы мен Жақсыбай С.Н. «Ветеринарлық клиника» жобасы Қазақстанда әлі іске қосылмаған және елдегі қызмет көрсету саласын жетілдіруге бағытталған әлеуметтік жобалар болып табылады. Дүйсекеев Д.Е., мен Сайдазимова Т.Е. «Пластикалық өңдеудің балама әдістері» атты старт-ап жұмысы жаңа технологияларды қолдана отырып, пластмасса қалдықтарын өңдеу арқылы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған.