“Коронавирусты алдын алу шаралары” атты эдвайзерлік сағат

07.03.2020

Көрулер: 1938

 

2020 жылдың 6 наурызда халықаралық қатынастар факультетінің “Аймақтану” мамандығының 3 курс студенттерінің эдвайзері , тарих ғылымдарының кандидаты, Бюжеева Б.З. топ студенттері қатысуымен “Коронавирусты алдын алу шаралары” атты эдвайзерлік сағат өткізді. Эдвайзерлік сағат мақсаты: коронавирус туралы мәліметтермен студенттермен бөлісу, бұл аурудың адамзатқа қаншалықты қауіпті екенін түсіндіру; коронавирусты жұқтырып алмау үшін оны алдын алу шаралары туралы деректермен таныстыру. Эдвайзерлік сағат барысында студенттер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің вирус туралы мәлімдемелерімен танысты, студенттер тарапынан тақырып бойынша көптеген өзекті сұрақтар қойылып, бұл сұрақтарға жауаптар алынды.