"Аймақтану" мамандығы бойынша республикалық олимпиадасы 2020

02.04.2020

Көрулер: 2233

2020 жылдың 27 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы "Аймақтану" мамандығы бойынша жыл сайынғы республикалық студенттік пән олимпиадасын қашықтықта өткізді. Олимпиада тақырыбы: “Тұрақты даму: жаңа сын-қатерлер”.

Олимпиаданың тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - тұрақты даму мақсатымен байланысты болды. Қатысушылар екі тапсырманы дайындады - біріншісі - команданың бейне визит картасы, онда олар қазіргі кездегі өзекті мәселелерді талқылап, сол мәселелерді шешуге өз идеяларын ұсынды. Екінші міндет - «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы Қазақстанның дамуының стратегиялық жоспары».

Студенттер өздерінің кәсіби және жеке әлеуеттерін, шығармашылық қабілеттерін, өзіндік ерекшеліктерін, талдау, логикалық ойлау және өз көзқарасын дәлелдеу қабілеттерін көрсетті.

Олимпиадаға 5 жоғары оқу орнынан үш бағыт бойынша - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен 13 команда қатысты.

2020 жылдың 31 наурызында олимпиаданың нәтижелерін БҰҰ-ның Ғаламдық коммуникациялар бөлімінің бастығы Властимил Самек басқарған конкурстық комиссиясы қашықтықтан қорытындылды. Нәтижелері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ресми сайтында жарияланды (сілтемесі).