«Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы

27.02.2020

Көрулер: 2049

2020 жылдың 27 ақпанында ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.С. Сейдикенованың жетекшілігімен «Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы ашылды.

Халықаралық орталықтың мақсаты:

-              шетелдік білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беру;

-              Ауызша және жазбаша аудармалар жасау;

-              Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;

-              Шетел тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

-              Халықаралық конференция, семинар, дөңгелек столдар, жаздық мектептер ұйымдастыру.

-              Халықаралық білім беру бағдарламаларына құжаттарды рәсімдеуге көмектесу.