Швейцария елшісінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келуі

29.05.2019

Көрулер: 2113

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетіне Дипломатиялық аударма кафедрасының арнайы шақырумен Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцария Конфедерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид және Швейцария елшілігінің мәдени байланыстар жөніндегі үйлестірушісі П.Иванов келді.

Кездесуге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры А.Қ. Хикметов, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы А.Е.Жолдыбекова, кафдера меңгерушіліері, оқытушы-профессорлар құрамы қатысты. Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор С.Ж. Айдарбаев алғы сөз сөйлеп, факультет туралы ақпарат берді. Өз кезегінде Қазақстандағы және Тәжікстандағы Швейцарияның Төтенше және Өкілетті елшісі Урс Шмид Қазақстан мен Швейцария арасындағы мәдени, экономикалық, халықаралық, ғылыми байланыстар жөнінде мәлімет беріп, білім саласындағы профессорлар тарапынан жасалып жатқан бастамаларға ризашылығын білдіріп, қай салада болмасын қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

Кездесу барысында Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова сөз сөйлеп, кітап туралы ақпарат беріп, «Дипломатиялық сөздіктің» тұсаукесері жасалды. Іс-шараның соңында мәртебелі қонақтардың қатысуымен «Ілеспе аудармашылар» даярлайтын жаңа лингафон кабинетінің ашылу рәсімі болды. Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, профессор А.С. Сейдикенова лингафон кабинетімен, болашақ қызметімен таныстырып, алдағы жоспарлары жөнінде айтып, Женева университетінің «Аудармашылар мектебімен» алғашқы байланыс жасалғанын және аталған университетпен бірлескен ғылыми жоба жасап жатқаны туралы мәлімдеді.

Кездесу жоғары деңгейде өтті, мәртебелі қонақтар профессор құрамының жұмысына сәттілік тіледі.