әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы

09.10.2018

Көрулер: 1990

2018 жылдың 09 қазанында халықаралық қатынастар факультетінде, халықаралық құқық кафедрасының оқытушысының жетекшілігімен, “100 кітап” жобасы аясында “Әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы” атты іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараның арқасында бірінші курс, МП-91Р тобыныңстуденттері есімімен университетіміз аталған, әл-Фараби өмірі мен шығармашылығы жайлы көп ақпарат алды.

Бірінші курс студенттері группаластарына ортағасырлық шығыс философиясының ірі өкілдерінің бірінің тұлға ретінде қалыптасуына ненің көмек бергенін, сондай-ақ әл-Фараби үлесін қосқан барлық ғылыми салалары туралы баяндады.

Іс-шара мақсатына толықтай қол жеткізілді, бірінші курс студенттерін Әбу Насыр Әл-Фараби тұлғасының жан-жақтылығы қызықтырды және түрлі салаларда интеллектуалды біліктілікті арттыру ынталары ашылды.