"Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2018" мега жобасының гранд –финалы

09.11.2018

Көрулер: 2301

2018 жылы қарашаның   9 - шы жұлдызында, әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Алматы қаласының белсенді әрі бірлігі жарасқан Студенттер Сенатының жыл сайынғы ұйымдастыруымен өтетін «Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2018 » мега жобасының гранд –финалы болды. Бұл байқауда төрелік етуші әділ қазыларға қазақтың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, туған тілдің тұғырын асқақтатушы, қазақы тәрбиені бойына сіңіріп, ата дәстүрден аттамайтын ару мен сұлтанды анықтау оңайға соқпады. Алайда топтан оза шауып , жүлделі орын алған аруларымыздың қатарында Халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық мамандығының 3- курс студенті Молдаш Гүлдана да болды. Біздің факультетіміздің артқан үмітін ақтаған мақтанышымыз Молдаш Гүлдана «Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2018 » байқауында «Сезімтал ару» атанып, жүлделі 3- орынды иеленді. Аруымыз сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, өз өнерімен көрермендерді таң қалдыра білді. Сайыс әділ, әрі өте қызықты өтті.