«Қазақстан - Еуразияның көші-қон хабы ретінде: көші-қонның тұрақты дамуға қосатын үлесі» атты ғылыми-практикалық конференциясы
Көрулер: 2953
2018 жылдың 16 қазанында, Әл-Фараби атындағы Қазан ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультеті Ресейдің Ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтымен, Халықаралық көші-қон ұйымымен, сондай-ақ Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (ММХҚИ) және БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесе отырып, «Еуразиядағы көші-қон көпірлері» жобасы аясында, «Қазақстан - Еуразияның көші-қон хабы ретінде: көші-қонның тұрақты дамуға қосатын үлесі» атты ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты Еуразиялық кеңістіктегі көші-қон және ынтымақтастық туралы көпжақты диалогты нығайту, тұрақты даму тұрғысында миграциялық үдерістерді реттеудің тұрақты жүйесін қалыптастырудағы Қазақстан мен оның серіктестерінің рөлін бағалау болып табылады.
Конференцияда Қазақстан Республикасында аккредиттелген қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, эксперттік, ғылыми және кәсіпкерлік қауымдастықтардың, дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.
Конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры Бүркітбаев Мұхамбетқұл Мырзабайұлы өз сөзімен ашты. Өзінің алғы сөзінде М.М.Бүркітбаев, көші-қон процестері жаһанданудың және тұрақты дамудың ажырамас бөлігі болып табылатынын айтып өтті, оған қоса, білім беру көші-қоны мен университеттердің инновация мен прогрестің негізгі қозғаушы күші ретіндегі ерекше рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, алғы сөзде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің еліміздің алдыңғы қатарлы университеті ретінде әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану бағытында екендігі және Болон процесіне қосылғаннан кейінгі жоғары білім мен сапаның үздік әлемдік тәжірибесіне бейімделу бағытында белсенді жүріп келе жатқандығы атап өтілді. ҚазҰУ бүгінгі күні «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясында және «Рухани Жаныру» бағдарламасында айтылған, сондай-ақ 2030 жылға дейін БҰҰ-ның тұрақты даму аясындағы әлемдік күн тәртібінде бекітілген білім беру саласындағы басты міндеттерді жүзеге асыруға мақсат қойған. 2018 жылы ҚазҰУ беделді халықаралық «QS WUR» рейтингісінде 16 орынға көтеріліп, 220 орынды иеленді. Соңғы жылдары біздің университетіміз Орталық Азия және Еуразия кеңістігіндегі білім беру орталығы ретінде өз орнын тауып, әлемнің көптеген елдерінен көбірек студенттерді тартқандығын бірінші ректор атап өтті.
Сондай-ақ алғы сөз сөйлеп өткендер: РҒА-ның әлеуметтік-саяси зерттеулер институты директорының уақытша міндетін атқарушысы; Ресей СІМ ММХҚИ демографиялық және көші-қон саясаты кафедрасының меңгерушісі, РҒА мүше-корреспонденті Рязанцев Сергей Васильевич мырза;
Көші-қон бойынша халықаралық ұйым (КХҰ) / БҰҰ көші-қон бойынша агенттігінің Алматы қалалық офисінің, Орталық Азия бойынша КХҰ субаймақтық координациялық офистің басшысы Виктория Касабян ханым;
Алматы қ. БҰҰ Әлеуметтік ақпарат департаментінің басшысы Абдурахим Мухидов мырзаның алғы сөзі;
Алматы қ. Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Минитсрлігінің Өкілдігі басшысы Бөлтіріков Руслан Ескендірұлы мырза;
Ресей Федерациясының Бас консулдығының Консул-кеңесшісі Соколов Степан Александрович мырза;
Тәжікстан Республикасының Бас консулы Назир Баходур мырза.
Пленарлық отырыста бірнеше негізгі баяндамалар ұсынылды.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Назарбаев Университеті, «Туран» Университеті, ҚМЭБИ, ҚазХҚӘТУ және басқа жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, жас ғалымдары және студенттері белсенді қатысты.
Жалпы алғанда, конференция жанданған жағдайда өткізілді, секциялар жұмысы қарқынды және нәтижелі болды. Конференция қорытындысы бойынша, Ресейлік ғылыми дәйексөз индексімен (РҒДИ) рецензияланатын жинақ басып шығарылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: ағылшын, орыс, қазақ тілдері.






