Халықаралық қатынастар факультетінің деканының мерейтойы

22.09.2018

Көрулер: 2737

Заң ғылымдарының докторы, профессор Айдарбаев университеттің игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, Сағынғали Жоламанұлы өзінің кәсіби қызметін Заң факультетінің халықаралық құқық кафедрасында ассистент ретінде бастады. Университеттегі барлық жылдар бойы ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік дарынды жас ғалымдарға арналған ғылыми стипендиясына ие болды.