Француз делегациясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ іс-сапармен келді
Көрулер: 2350
Халықаралалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Смайлова Айжан Болатханқызымен кездесіп, екі университет арасындағы келешектегі жоспарлар бойынша келіссөздер жүргізді. Одан кейін қонақтар филология факультетіндегі «Университеттік француз тілі ресурс орталығының» жұмысымен танысты. Студенттердің «Франкофония наурызы» аясында әзірлеген мерекені тамашалады. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінің деканы профессор С.Ж. Айдарбаевпен кездесіп, екі университет арасындағы алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу нәтижесінде шетелдік әрісптестеріміз өзара студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, жаздық мектептер ұйымдастыру және бірлескен ғылыми мақалалар жазуға ниетті екендіктерін айтты. Аталған кездесу қазақ-француз қатынастарын одан әрі нығайтуға, студенттер тарапынан француз тілін оқуға деген ынтасын арттыратынына сеніміміз мол.






