Француз тілі фестивалі
27.04.2018
Көрулер: 3257
Аталған мерекеге халықаралық қатынастар факультетінің бірінші және екінші курс студенттері халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасының француз тілінің оқытушыларының қадағалауымен өз қойылымдарын мұқият орындады. Мерекенің өтілуі барысында студенттер көрермендерге танымдық әрі күлдіргі миниатюрларды дайындады, жанды дауыста ән шырқады, интерактивтік виктариналық сұрақтар қойылып, жауап бергендерге аздаған сыйлықтар таратылды. Дарынды студенттердің шырқаған әндері жүрекке жетіп жатты, қойылған миниатюралары мен қойылымдарынан Франция мәдениеті айшықтала көрсетілді. Викториналық сұрақтар қатысушылармен көрерменге Франция жайлы қызықты мағлұматтармен салынған көпір болды.






