Латын әліпбиіне көшу ұлт болашағы ма?

08.04.2018

Көрулер: 2379

2018 жылы 8 сәуірінде  халықаралық қатынастар факультетінің  218 аудиториясында  халықаралық құқық кафедрасының  Ph D, доцент м.а.          Алтаева К.Ж. мен халықаралық құқық мамандығының  2 курс студенттері «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Латын әліпбиіне көшу ұлт болашағы ма?» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

     Шараның мақсаты -  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласы арқылы  әрбір студенттің  жан-жақты, ой-өрісі мен дүниетанымы кең, бәсекеге қабілетті болуына ықпал ету.

    Дөңгелек үстел барысында  студенттер латын әліпбиіне өтудің артықшылықтары мен кемшіліктерін ортаға салып, өзара пікір алмасты. Осы бағдарламаға өту барысында еліміздің экономикалық жағдайында қандай өзгерістер болуы мүмкін екендігіне болжам жасалды. Сонымен қатар Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу арқылы қандай саясатты жүзеге асырғысы келетіндігіне және мемлекетіміздің халықаралық аренадағы  орны туралы біраз ой алмасулар болды. Тәрбие сағатына қонақ ретінде  халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Досымбекова М.С қатысты.

       Сонымен іс – шара барысында болашақ заңгерлер бір-біріне көптеген сұрақтар қойып,  пікір алмасты. Дөңгелек үстел соңында қонақтар өз ойларымен бөлісіп, бағасын берді.