Президент – ел тірегі

09.04.2018

Көрулер: 2972

2018 жылы 9 сәуірінде Алматы қаласындағы №1 балалар үйіндехалықаралық құқық кафедрасының доцент м.а. Алтаева К.Ж., Джетыбаев Н. С. және халықаралық құқық мамандығының студенттері, магистранттары «Президент – ел тірегі» атты іс-шарасын ұйымдастырды. Шараның мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып- өскен , оқып білім алған, қызмететкен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде елбасыға деген сүйіспеншілік сезімінояту, құрметтеу; Шара барысында студенттер президент қызметінің Қазақ халқы үшін қандай маңызды екенін балаларға слайд арқылы түсіндіріп, сонымен қатар халықаралық құқық мамандығының 2 курс студенті Әбдіразахова Айя патриоттық ән шырқап, Турсынбаева Айнұр музыкалық аспапта ойнап, балалардың көңілін көтерді. Шара соңында студенттер балаларға сыйлықтарын тарту етіп,тәттілерден таратты.