Литва Республикасының Бас консулдығы мен халықаралық қатынастар факультетінің оқытушыларының кездесуі
Көрулер: 2615
Кездесу барысында қатысушылар факультет және Қазақстандағы Литва Республикасының дипломатиялық өкілдігі арасындағы ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан байланыстары атап өтілді. Erasmus + бағдарламасы шеңберінде халықаралық қатынастар факультеті және литвалық университеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Литва университеттерінің студенттері арасындағы байланыстарды нығайту ғана емес, сондай-ақ, екі ел оқытушыларының ауқымды ғылыми ынтымақтастығына үміт білдірілді. Бас консул мырза профессор Губайдуллинаның «Қазақстанның еуропалық елдермен қарым-қатынастарындағы сыртқы саясатының диаспоралық факторы» атты ғылыми жобасына қызығушылық білдірді, диаспорамен байланысты сақтау консулдық жұмыстың маңызды бөлігі болып табылатындығын атап өтті.






