«Қазіргі замандағы ғылымның рөлі» атты іс-шара
Көрулер: 3956
2017 жылдың 15 желтоқсан күні з.ғ.к., доцент Досымбекова М.С., оқытушылар Сылкина С.М. және Джолдасбаев О.К. жетекшіліктерімен халықаралық қатынастар факультетінде Нобель күніне орай «Қазіргі замандағы ғылымның рөлі» атты іс-шара өткізілді.
Осы іс-шараның арқасында халықаралық құқық мамандығының 3 курс 62Р және 64Р топтарының студенттері өздерінің ой-өрістерін кеңейтті.
Үшінші курс студенттері Болат Жамиля және Манап Карлыгаш өздерінің топтастарына білім, көлік және байланыс салаларындағы жетістіктер туралы айтып шықты. Ермек Жансая, Имирова Адилям және Ахметова Алуа астрономия ғылымының дамуы жайлы хабарлады. Елеусизова Алия және Ким Александра XXI ғасырда медицина қалай дамитыны туралы баяндады. Ал Кан Вероника және Джахвалиева Анель 2017 жылғы Нобель сыйлығының иегерлері туралы айтып берді.
Іс-шара өзінің мақсатына жетті, үшінші курс студенттері қазіргі замандағы ғылымның рөлімен танысты.






