«Жемқорлық» тақырыбы бойынша іс-шара
Көрулер: 2953
Іс-шараның мақсаты: Студенттердің жемқорлықтың пайда болу себептері, оның дамуына ықпал ететін факторлар туралы теориялық білім деңгейін тереңдету. Нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Студенттер арасында жемқорлыққа қарсы дүниетанымның қалыптасуына ықпал ету.
Іс-шараның барысында «жемқорлық» ұғымы ашылып көрсетілді, жемқорлықтың түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды, жемқорлық Қазақстанда және шетел елдердің тәжірибелері қарастырылды. Оқытушылар сұрақтар қойды, магистранттар талқылауды ұйымдастырды.
Сонымен қатар, магистранттар Қазақстан үкіметі жемқорлыққа қарсы тұру үшін үлкен күш жұмсап жатқанын атап өтті. Іс-шара барысында магистранттар аудиторияны түрлі-түсті шарлармен безендіріп, плакаттар мен түсті иллюстрациялар қолданды.






