«Қазақстандағы кедейлік» тақырып бойынша іс-шара

07.12.2017

Көрулер: 2937

2017 жылдың 7 желтоқсан күні сағат 15.00 «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Әлемдік Экономика» мамандығының 4 курс студенттерімен халықаралық қатынастар факультетінде «Қазақстандағы кедейлік» тақырыбына арналған іс-шара өткізілді.

Ұйымдастырушылар: з.ғ.к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Досымбекова М. С., з.ғ.к., доцент Татаринов Д. В., Нысанбекова Л.Б., Әлемдік Экономика мамандығының 4 курс студенттері 

Іс-шараның мақсаты: кедейшіліктің елдегі әлеуметтік-демографиялық, экономикалық проблемалармен өзара әрекеттесуі мен байланысын зерттеу және олардың шешімдерін табу.