«Қайырымдылық, алғыс айту және Қазақстан халықтарының достастығы күніне» арналған студенттік науқан

01.03.2018

Көрулер: 3066

Науқан барысында викторина, ақпараттық және көмек орталығының қызметі жайлы презентация, сондай-ақ «Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі нәтижелері мен келешек мүмкіндіктері» атты талқылау ұйымдастырылды.

Іс-шараны БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек және Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық ақпараттық қолдау орталығының директоры Л.Ф.Деловарова құттықтау сөзімен бастады.

Орталықтың үйлестірушісі Абдулина Қорлан орталықтың қызметі жайлы баяндама жасаса, орталықтың белсенді студенттері Утегенова Мөлдір, Абдужалалова Айым, Курбонов Сунатулло, Мирзои Фарамоз және Рахмонов Джамшед орталықтың өмірі мен қызметі туралы қызықты бейнебаян көрсетті. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұңғыш Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының экс-министрі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі, т.ғ.д., профессор Ақмарал Арыстанбекованың орталықты құрудағы және қазіргі қызметіндегі үлесі ерекше аталып өтті.

Іс-шара шеңберінде БҰҰ-ның әр түрлі қызмет салаларын қамтитын викторина өткізілді.

Жалпы, бұл науқан жылы және тату атмосферада өтті.