«БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі аспектілері» атты халықаралық дөңгелек үстел
Көрулер: 3105
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігі Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаментімен бірлесіп, 6 ақпанда «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі аспектілері» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараны өткізу бастамасы Қазақстанның БҰҰ-дағы бірінші Тұрақты өкілі, ҚР бұрынғы Сыртқы істер министрі, т.ғ.д., профессор А.Х. Арыстанбековамен көтерілді.
Дөңгелек үстел Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қаңтар айының қорытындысы бойынша талқылауға арналды және бұл шараға Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық міндетті атқарушылар мен халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік құрылымның өкілдері, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Аталмыш жиын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Айдарбаевтың құттықтау сөзімен басталды және ол іс-шараның маңыздылығын және уақытылы екенін, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы өсіп келе жатқан рөлін және осы үрдістерді қамтитын академиялық орталардың рөлін атап өтті.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Р.И. Бөлтіріков университеттің басшылығына және профессорлық-оқытушылар құрамына осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтты және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі бағыттарына тоқталып өтті.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Алматыдағы қоғамдық ақпарат департаментінің басшысы Властимил Самек өз сөзінде Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуінің қаншалықты маңызды екеніндігіне тоқталды. Сондай-ақ, ол «Академиялық ықпал» БҰҰ бағдарламасының орталығы болып табылатын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетінің базасында осындай дөңгелек үстел өткізу өте маңызды және қазіргі заманғы халықаралық үрдістердегі жастардың рөлін атап өтті.
Дипломатиялық корпус тарапынан Қытай Халық Республикасының Бас консулы, Чжан Вэй мырза, Ресей Федерациясы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Илья Самонин, АҚШ Бас консулдығының баспасөз хатшысы, мәдениет және білім бөлімінің көмекшісі Карли Ван Орман ханым және уақытша Бас консулдың міндетін атқарушы, Ауғанстан Ислам Республикасының Бас Консулдығының бірінші хатшысы Шугни Яр Хусейн мырза сөз сөйледі. Пленарлық отырыстың модераторы тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Е. Байзақова болды.
Дөңгелек үстел барысында келесі тақырыптарда баядамалар жасалды: «Ауған күн тәртібі: сын-қатерлер, тәуекелдер мен мүмкіндіктер», Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д. Л.Р. Қаратаева; «Орталық Азиядағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудың қазақстандық бастамалары», Халықаралық және аймақтық ынтымақтастық ғылыми-зерттеу институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Б.К. Сұлтанов; «Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудың бастамалары», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Е. Байзақова, «Қазақстанның Сириядағы қақтығыстың реттелуіне қосқан үлесі», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің магистранты А.Савчук.
Баяндамалар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Нархоз университеті, AlmaU университеті, КазГУМОиМЯ және КИМЭП студенттері мен жас ғалымдарынан қызу талқылаулар және көптеген сұрақтар тудырды.
Пікірталаста қарқынды көріністер де болды. Еуразиялық зерттеулер институтының сарапшысы Дәурен Әбен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау мәселелерінің Қазақстан күн тәртібіндегі маңыздылығына тоқталды. AlmaU университетінің проректоры Кристиан Каль, қауіпсіздік мәселелеріне, визалық мәселелерге тоқталып, дипломаттардың жас ұрпағын дамытуға арналған дөңгелек үстелдің рөлін атап өтті. Жалпы алғанда, дөңгелек үстел жоғары академиялық және сараптамалық деңгейде жұмыспен қамтылған атмосферасында өтті.
Аталмыш шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық ресурстық орталығы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институты ұйымдастырды. Бұл үрдіске толығымен қатысқан студенттер мен жас ғалымдар, осы орталықтардың белсенділері екендігін атап өту керек. Бұл, өз кезегінде, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазіргі заманғы тәуелсіз Қазақстанның сыртқысаяси қызметін жүзеге асыру үшін лайықты дипломатиялық кадрларды дайындайтынын көрсетеді.






