Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласындағы UNAI университеттерін біріктірді

16.02.2018

Көрулер: 4069

Жоғары деңгейдегі кездесу Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бірінші өкілдігінің ашылуына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов мырза, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек мырза, Қазақстандағы БҰҰ агенттіктерінің басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, академиялық және сараптамалық қоғамдастық қатысты.

Жеті тілде орындалған өз жолдауларында UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдары БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының дамуына қосқан үлкен үлесін, сондай-ақ біздің еліміздің тұрақты дамуға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қосқан үлесі мен рөлін атап өтті. UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының өскелең ұрпағының басты айтар ойы бұл – БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы және жаһандық проблемаларды шешудегі білім беру мен академиялық қоғамдастықтың рөлі болып табылады. Өздерін Біріккен Ұлттар Ұйымының бір бөлігі ретінде тани отырып және бар жауапкершілігін түсіне отырып, хабарлама бастамашылары БҰҰ-ның негізгі мақсаттары мен принциптеріне бірлесе отырып қол жеткізуге сенім білдірді.

Хабарлама ҚазҰУ жанындағы БҰҰ аймақтық ақпараттық-ресурстық қолдау орталығының директоры, PhD докторы Л.Ф.Деловарованың жетекшілігімен дайындалды.

Жеті тілдегі хабарламаны UNAI бағдарламасына қатысушы жоғары оқу орындарының студенттері орындады:

  • ·        АйжанТолеухан - «Тұран» Университеті (қазақша)
  • ·        Мохаммад Махад - Сүлейман Демирел Университеті (арабша)
  • ·        Лина Жунисбек - Әл-Фараби ҚазҰУ (қытайша)
  • ·        Димаш Жарылкасын - НАРХОЗ Университеті (ағылшынша)
  • ·        Алихан Хасанай-Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ (французша)
  • ·        Ақбота Мамбетова - КМЭБИ Университеті (орысша)
  • ·        Ширингуль Каримова - Әль-Фараби ҚазҰУ (испанша).