"Абай тағылымы" әдеби-поэзиялық кеші
18.10.2019Қазан айының 18 жұлдызы күні "Халықаралық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен " Абай тағылымы" атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді.
Қазан айының 18 жұлдызы күні "Халықаралық құқық" кафедрасының ұйымдастыруымен " Абай тағылымы" атты әдеби-поэзиялық кеш өткізілді.
2019 жылдың 15 қазан күні студенттік “Жас дипломаттар” клубының жетекшісі Б.З. Бюжееваның ұйымдастыруымен «аймақтану» мамандығының 3-курс студенттерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасының экономикасында АҚШ экономикасының жетістіктерін қолдануы мүмкін бе" атты тақырыпта пікір сайыс өткізілді.
2019 жылдың 9 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы» атты мәдени іс-шара өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті Бюжеева Бахыт Задиевна. Іс-шараға халықаралық қатынастар тобының 4 курс студенттері белсенді қатысты.
Бүгін Халықаралық құқық кафедрасында «АҚШ Жоғарғы Сотының АҚШ-тағы конституционализмнің қалыптасуы мен орындалуындағы рөлі» тақырыбындағы семинар өтті. Семинарға американдық заңгер-практик Уильям Д. Бонтрагер, «PMF консалтинг» компаниясының бас директоры, Халықаралық қатынастар факультетінің түлегі Купешов Т.А., кафедра меңгерушісінің орынбасары, PH.D доктор Баймағамбетова З.М., сонымен қатар халықаралық құқық мамандандығының магистранттары мен докторанттары қатысты.
2019 жылғы 2 қазанда Гавр университетінде ҚазҰУ мен Гавр университеттерінің оқытушылары арасында кездесу өтті. Конференция барысында халықаралық құқық кафедрасының доценті Машимбаева Гүлмира Амангелдіқызы, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының профессоры Байзакова Құралай Иртісқызы баяндамалар жасады, ғылыми жобалар мен өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, конференцияға академиялық бағдарлама бойынша оқып жатқан халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық құқық мамандығының студенттері Тұрсынбаева Айнұр, Талғатова Камила, Махамбетали Айгерім қатысты.
Халықаралық құқық мамандығы бойынша 4-курс қазақ бөлімі студенттерінің Алматы қаласы мектептеріндегі кәсіби бағдарлау жұмыс аптасы
Демалыс күні студенттермен "Алма-Арасан" тауларында
Құрметті достар! Сіздерді сыңғырлай соғылған қоңырау үнімен қатар келетін Білім күнімен құттықтаймыз! Бұл бүлдіршіндер мен талапкерлер үшін жаңа жолға бастама болатын маңызды күн. Білімді де білікті ұлт – жарқын болашаққа бастар даңғыл жол. Білім мен ғылым саласындағы жетістіктеріміз артып, үлгілі ұрпақ тәрбиелеуде биіктерді бағындыра берейік. Жаңа оқу жылында қымбатты ұстаздарымызға, оқушылар мен студенттерге тек сәттілік тілейміз!