СПбМУ профессоры Р.Ж. Мұхамедрахимовтың "Балаларға және олардың отбасыларына ерте көмек көрсетудің ғылыми негіздері" атты ашық дәрісі және әріптестермен кездесуі

24.01.2024

Көрулер: 231

 

1)    Факультет деканы, философия ғылымдарының кандидаты, асс. профессор Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы Санкт-Петербург мемлекеттік университеті психология факультетінің балалар мен ата-аналардың психикалық денсаулығы және оларға ерте қолдау көрсету кафедрасының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, профессор Мұхамедрахимов Рифкат Жаудатовичпен кездесу өткізді. Кездесуге ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар бойынша деканның орынбасары, пед.ғ.к., Альчимбаева А.Б., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор Мынбаева А.К., әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының меңгерушісі, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Абдирайымова Г.С., педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.к., профессор Алғожаева Н.С., жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, психол.ғ.к. Кабакова М.П. қатысты. 

Кездесу аясында ғылыми және білім беру ынтымақтастығы мәселелері талқыланды: қос дипломды білім беру бағдарламалары, білім алушылардың академиялық ұтқырлығы, диссертациялық кеңестерге мүшелік, бірлескен ғылыми-зерттеу гранттық жобалары, біліктілікті арттыру курстары, конференцияларға қатысу.

Сондай-ақ, профессор Р.Ж. Мухамедрахимов жаңа пәнаралық бағыт - балалар мен олардың отбасыларына ерте көмек көрсету (ерте араласу) туралы, осы бағытты жүзеге асырудағы Ресей Федерациясының ғылыми және қолданбалы тәжірибесі жайлы айтып берді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Қазақстан Республикасындағы жаңадан пайда болып жатқан балалар мен олардың отбасыларына ерте араласу және көмек көрсету қызметін ғылыми және әдіснамалық сүйемелдеу орталығы болады деген үмітін білдірді. Соңында әріптестеріне диалог пен кездесу үшін алғысын айтты.

 

 

2)    Психология ғылымдарының докторы, профессор Мұхамедрахимов Рифкат Жаудатовичтің "Психология" ББ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына арналған "Балалар мен олардың отбасыларына ерте көмек көрсетудің ғылыми негіздері" тақырыбында ашық дәрісі өткізілді. Дәрісте балалар мен ата-аналардың психикалық денсаулығы және оларға ерте көмек көрсету бойынша пәнаралық салаға кіріспе ұсынылды. Ерте көмек көрсетудің (ерте араласудың) негізіне айналған ғылыми зерттеулердің бағыттары – Психикалық денсаулық, Даму психологиясы, Педиатрия, Даму нейробиологиясы, Балалық шақ бағдарламаларының тиімділігі, Экономика, Ерте араласудың тиімділігі. Дәріс жоғары ғылыми-теориялық және әдістемелік деңгейде өтті, білім алушылар мен оқытушыларға өзінің мазмұнымен, жаңалығымен, үлкен қолданбалы және практикалық аспектісімен, лектордың осы тақырыпқа ерекше эмоционалды берілуімен және қызығушылығымен өте ұнады.

 

 


 

3)    Дәрістен кейін кәсіби қарым – қатынас жалпы және қолданбалы психология кафедрасында кафедра оқытушылары - профессор Н.С. Ахтаевамен, доцент Э.К. Қалымбетовамен, профессордың м.а. З.М. Садвакасовамен, доцент Н.М. Садықовамен, докторанттармен, кафедра меңгерушісі, профессор Мынбаева Айгерим Казыевнаның тікелей қатысуымен жалғасты. Осыдан кейінгі ғылыми ынтымақтастық мәселелері, кафедра жанынан ана мен бала өзара әрекеттестігін диагностикалауға арналған жаңа психологиялық зертхана құру мүмкіндіктері талқыланды. Кездесу соңында Рифкат Жаудатовичке кафедра оқытушыларының кітаптары сыйға тартылды.

 


 

Ұйымдастырушы: жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры Кабакова М.П.